Skip to main content
x

Докторантураға қабылдау

Докторантура

" Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ магистратура және докторантураның қабылдау комиссиясы Ш.Уәлиханов" мекен-жайы: Абай көшесі, 76.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады:

          +77017432147 Нұрмұханбетова Нұргүл Нұркенқызы-қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы;

+77057832993 Ескендирова Азиза Айбекқызы – техникалық хатшы.

 

Докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD бойынша доктор) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

Магистранттар мен докторанттарға дәрістерді шетелдік ғалымдар оқиды. Университеттің халықаралық байланыстарының арқасында магистранттар ғылыми тағылымдамаларға міндетті түрде шетелдердің жоғары оқу орындарына барады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында магистрлерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты жыл сайын арттыру көзделген.

Магистратураға/докторантураға қабылдау жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Магистратураға / докторантураға түсуші адамдар түсу емтихандарын:
таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, неміс , француз);
мамандық бойынша тапсырады.

Магистрантта/докторантта магистратураның/докторантураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламаларын игеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы керек. Пререквизиттер болмаған жағдайда оларды ақылы негізде игеруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда оқу пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады, бұл үшін университет жазғы семестрді ұйымдастырады.

Магистратураға/докторантураға түсуші тұлғаларды қабылдау тәртібі

Магистратураға түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Ұйым басшысының атына өтініш;
  2. Жоғары білім туралы құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмелері;
  3. Кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы;
  4. Еңбек кітапшасының нотариалды түрде расталған көшірмесі (болған жағдайда);
  5. 3x4 өлшемдегі алты фотосурет;
  6. 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
  7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. Ғылыми жарияланымдар мен ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
  9. Шет тілін меңгеруін растайтын электрондық сертификат (ағылшын, неміс, француз) ағылшын тілі: IELTS Academic (АЙЛТС Академик)/International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) шекті балл – кемінде 5,5;
  10. Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46);
  11. Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453;
  12. Неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);
  13. Француз тілі: Test de Franзais International™ - Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).
  14. Файлды қағаз тігетін папка;
  15. Конверт (диплом пішіні бойынша), 3 файл.
  16. Ақылы негізде түсуші тұлғалар үшін магистратураға қабылдау барысында – келісімшарттың жасалуына және оқу ақысын төлеуге кепілдік беретін хат.