Skip to main content
x

Магистратураға қабылдау

Магистратура

" Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрларды даярлауға бағытталған, оқыту талаптары мен мерзімдері бойынша ерекшеленетін магистрлік бағдарламалар бойынша даярлауды жүзеге асырады.

КУ жоғары оқу орындарының түлектерін магистратураға тиісті білім туралы дипломдармен қабылдайды.

 

Өтініштерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 1 қарашадан 15 қарашаға дейін

 

Кешенді тестілеуді өткізу мерзімі 2021 жылдың 18 қарашадан 11 желтоқсан аралығында

ЖЖОКБҰ-ға магистратураға түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік 2021 жылдың 1 қарашадан 15 қараша аралығында жүргізеді.

КТ магистратураға күнтізбелік 2021 жылдың 18 қарашадан 11 желтоқсан аралығында өткізіледі.

КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын КТ өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

КТ нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында расталады.

Оқуға түсу (шығармашылық) емтихандары мен КТ-ны оларды тапсырған жылы қайта тапсыруға жол берілмейді.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:

Ағылшын тілі: IELTS Academic /International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 6.0;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 60;

TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) Test of English as a Foreign Language Paper-based testing, шекті балл – кемінде 498;

Неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauC1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (NiveauC1/С1 деңгейі);

Француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

 

КУ магистратурасының білім беру бағдарламаларына магистратураға тұлғаларды қабылдау

Магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша КТ үшін бағалаудың 150 балдық жүйесінің шкаласына сәйкес магистратураға: кемінде 50 балл, оның ішінде шет тілі бойынша-кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жүзеге асырылады.

Ең төменгі шекті мәні бар шет тілі бойынша сертификат болған жағдайда талапкер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады және сертификатта шет тілі үшін ең жоғары ықтимал балл – 50 балл көрсетіледі.

Шекті балл өзгеруі мүмкін - ҚР БҒМ реттейді.

 

КУ магистратурасына түсуші талапкерлер келесі құжаттарды тапсырады:

Перечень документов

1

Ұйым басшысының атына өтініш

2

Жоғары білім туралы құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмелері

3

Жеке куәлігінің көшірмесі

4

Кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы

5

Еңбек кітапшасының нотариалды түрде расталған көшірмесі (болған жағдайда)

6

3x4 өлшемдегі алты фотосурет

7

075-У нысанындағы медициналық анықтама;

8

Бағдарламалар бойынша кешенді тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда)

9

IELTS, TOEFL сертификаты (болған жағдайда)

 

Қабылдау комиссиясының байланыстары
послевузовских білім беру бағдарламаларын:

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Дүйсенбі - жұма: 9:00 - 18:00

Байланыс телефондары:

+7 (701) 743-21-47

+7 (776) 158-88-00

+7 (705) 783-29-93

 

 

Перечень ОП в магистратуру и докторантуру НАО КУ им. Ш. Уалиханоав на 21-22 учебный год

Для поступающих в магистратуру

Приемная комиссия по магистратуре и докторантуре руководствуется следующими нормативно-правовыми актами: