Skip to main content
x

2019 жылдың 6 желтоқсанында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын насихаттау аясында  ПМНОК-91, ПМНОК-92, СПСТК-91 топтарының студенттері арасында «Абай және Ницше» тақырыбында дөңгелек үстел өтті (іс-шараға жауапты - Жалпы тарих және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы Уалиев Талапкер Асқарұлы).

Аталмыш шара студент-жастардың бойында зияткерлік рух, сыни ойлау мен ашық сана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Жиын барысында студенттер Шығыс пен Батыс өркениеттеріне  тоқталып, 19-ғасыр аяғында өмір сүрген, өз ұлты мен қоғамы үшін ерекше тұлға бола білген Абай мен Ницше сияқты ұлылардың өмірі мен дүниетанымдарын талқылады.

 Іс-шара соңында білім ордасының студенттері «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан оқулықтарды пайдаланғандарын айта келе, аталмыш жобаның маңыздылығын да атап өтті.

091220191549_1.jpg

091220191549_1.jpg

091220191549_1.jpg