Skip to main content
x

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2019 жылдың 7-8 желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында грэпплинг және грэпплинг ги бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.

Ақмола облысының атынан Ш. Уәлиханов атындағы КМУ «Тау-кен ісі» мамандығының 3 курс студенті Каратаева Айдана қатысты.

Тартысты дода барысында 4 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 2-уі мерзімінен бұрын аяқталды. Онда біздің Айдана ҚР кубогінің чемпионы атанып, сол арқылы грэпплинг бойынша спорт шебері дәрежесін де алды.

Айдана тек спортта ғана емес, оқу барысында да өзін үздік студент ретінде көрсетіп, СҒЗЖ конкурстар мен конференциялардың бірнеше дүркін қатысушысы бола отырып, университет өміріне белсенді қатысады.

Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз, спортта және оқуда табыс тілейміз!

111220191513_1.jpg

111220191513_1.jpg

111220191513_1.jpg

 

Дата создания